Түркістан
EN

Түркістандық полицей көшеде талып қалған 2 жасар баланың өмірін құтқарып қалды

273
13.01.2023

 Күнделікті жұмысын атқарып тұрған тәртіп сақшысына бір әйел келіп баласының талып қалғанын айтып көмек сұрайды. Шұғыл әрекет еткен қызметкер баланы жылы жерге кіргізіп жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсеткен. Сәбиін өлімнен алып қалған жандарға баланың анасы өз алғысын білдірді. Қазіргі таңда сәби ауруханада ем қабылдауда. Ал, полицей Ерік Ақмолдаев болса, оның хал-жағдайын біліп, жеміс-жидек, тәттілерін апарып берді.