Қытайдың Хэнань провинциясындағы толассыз жауған нөсер салдарынан мерт болғандар саны 33 адамға жетті.Тағы сегіз тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Сондай-ақ электр қуаты істен шығып, көлік қатынасы тұралап қалды. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше жаңбыр салдарынан 3 миллионға жуық адам зардап шеккен. Табиғи апат салдарынан экономикалық шығын 190 миллион долларды құрап отыр. Қазір қауіпті аймақта қалған 376 мыңнан аса адам эвакуацияланған. Табиғаттың тосын мінезіне байланысты 80-нен аса қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатап тұр. Нөсер жауын салдарынан қаладағы бірнеше аудан сусыз қалды. Аймақтағы әуежай 200 ден аса рейстерді тоқтатуға мәжбүр болған.