Түркістан
EN

23 қаңтардан бастап шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталады

124
13.01.2023

Түркістанда шетелдік көліктерді тіркеу бес мекенжайда жүзеге асады. Азаматтар Түркістан қаласы мен Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам және Сарыағаш аудандарында орналасқан автокөліктерге арналған қызмет көрсету орталықтарына құжат тапсыра алады. Онда шетелдік автокөліктерді заңдастыруға қажетті құжаттарды қабылдайтын арнайы секторлар жұмыс істейтін болады. Өткен жылдың 1-қыркүйегіне дейін елге келген, іздеуде болмаған, есептен шығарылған және кедендік тазартудан өткен көліктер ғана заңдастыруға жатады. Ол үшін жеке куәлік пен өтініш, көлік құралын тіркеу куәлігі мен меншік құқығын растайтын құжат болуы шарт. Шетелдік көліктерді заңдастыру 23-қаңтардан басталады.