Түркістан
EN

Дәл қазір: Өртенген үй

199
13.01.2023

Түркістанда көп қабатты үйлердің бірінен өрт шықты. Оның видеосы әлеуметтік желіде таралып кетті. Бейнежазбада екінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен будақтаған қара түтін шығып жатқаны көрінеді. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін оқиға орнына құтқарушылардың көлігі де жедел барғаны байқалады. Дәл қазір төтенше жағдай болған жерде тілшіміз Жандос Тастемір де жүр.