Түркістан
EN

Шардара су қоймасынан елді мекендерге келер қауіп жоқ

280
13.01.2023

«Шардара» су қоймасынан елді мекендерге келер қауіп жоқ. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары мәлімдеді. Бұған дейін су қоймасының мерзімінен бұрын толып кетуіне қатысты мамандар алаңдап, дабыл қаққан болатын. Өйткені үш жыл қатарынан  су деңгейі төмен болған Сырдария өзенінің деңгейі биыл 100 пайызға көтерілген. Сондықтан қазірдің өзінде Шардара су қоймасына 4 млрд текше метр су жиналып үлгеріпті. Жауапты министрлік мәселені қалай шешпек? Тілші жалғастырады.