Түркістан
EN

"Кесене құпиялары" бағдарламасы эфирге шығады

250
13.01.2023

Түркістан телеарнасында жаңа жоба! Біздің ұжым Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жайында толық ақпарат тарататын «Кесене құпиясы» бағдарламасын ұсынады. Жобада көп сырды бүгіп жатқан нысанның сіз бен біз білмейтін қырлары ашылып, тарихы терең тарқатылады. Сондай-ақ екінші меккеге айналған орынның бөгде адамдарға рұқсат етілмеген аймақтарына кіріп, ондағы құнды жәдігерлер жайында сөз саптайды. Иісі мұсылман зиярат етуге асыққан кесененің құпияларын 16 қаңтардан бастап біздің арнадан  тамашалай аласыз.