Жолдың жыры бітер емес. Төрт күн бұрын жауған қар әлі күнге толық тазаланап бітпеген. Ал, тәртіп сақшылары болса жолдан тайып кеткен көліктерді құтқарумен әуре. Сарышұнақ аяз сарсаңға салған жүк көлік жүргізушілері де қар басып қалған тас жолға неге ақы төлейміз деп күйініп отыр. Тақырыпты толығырақ тілшіміз тарқатсын.