Түркістан
EN

Сарыағаш ауданының әкімі тағайындалды

398
12.01.2023

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі де ауысты. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихаттың қолдауымен, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Сарыағаш ауданының әкімі болып Абдуллаев Арман Айдарұлы тағайындалды. Облыс басшысы осыған дейін ауданды басқарған Мұхит Отаршиевке өз алғысын білдіріп, жаңа әкімді аудан активіне таныстыру барысында оған маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айтты.