Елдің басым бөлігінде аяз күшейіп, қыс қаһарына мінді. Қыстық шілде уақытысында Түркістанда ауа температурасы 20 градустан төмендеді. Рухани астанада сарышұнақ аяздан көлігі қатып, қара жаяу қалғандар бар. Түркістандықтардың көлігі қысқа дайын ба? Қатты аязда қатып қалған көлікті қалай оталдыруға болады? Тілші тарқатсын.