Германияның батысындағы су тасқыннан зардап шеккен аудандарды қалпына келтіру жұмыстары уақытқа созылуы мүмкін. Аймақта жерасты жолдары мен көпірлерге айтарлықтай зақым келген. Енді оларды қайта қалпына келтіру үшін 1 миллиардтан аса еуро қажет. Айта кетсек, өткен аптада толассыз жауған жаңбырдан 190 нан аса адам опат болған еді.Ал сарапшылар су тасқыны індетке шалдығу қаупін арттырады деп болжап отыр.