Түркістан
EN

Түркістандағы жалға берілетін велосипедтер қардың астында тұр

271
12.01.2023

Түрленген Түркістан көне архитектурасын ұмыт қалдырмастан заманауи көштен қалыс қалмауды басты мақсат еткен. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға, кептелісті азайтып, экологияны жақсартуға бағытталған «Tùrkistan Bike» автоматтандырылған велопрокат жүйесінің жобасы өңірдегі өз жұмысын жыл он екі ай тоқтатпайды екен. 

Облыс орталығындағы 5 велобекетте 80 тұрақ орны бар 40 велосипед  тәулік бойы жұмыс істейді. Түркістанның логотипі бейнеленген велосипедтер қыс мезгіліне арнайы дайындалған, мезгіл таңдамайды. Жыл он екі ай өзіңізге жақын орналасқан стансадан қолданысқа алып,  жол жиегінде салынған веложолдарда серуендеп, рухани астанада  саяхат жасауға мүмкіндік бар. Алайда, өңір тұрғындары қыс ауасында аталған жобаның жұмыс жасауы дұрыс емес деген пікірде.