Түркістан
EN

Аязға байланысты оқушылар мен колледж студенттері қашықтықтан оқуға көшті

114
12.01.2023

Үскірік аязға байланысты елімізде оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқуға көшті. Нақтырақ айтсақ, Қарағанды, Теміртау, Балхаш қалаларында және Абай аудандарында бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары және Қарағанды облысындағы колледждердің 1-2 курс студенттері онлайн сабақ оқиды. Ал Шымкент мектептері 2 күн бойы онлайн оқуға ауысады. Ауа райына қатысты мұндай жағдай шаһарда бірінші рет болып тұр.