«Мәдениет саласында Түркістанның өз бренді, ерекшелігі болуы керек». Бүгінгі жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәдениет басқармасының басшысы мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берді. Өңіріміздегі мәдениет саласында жеткен жетістіктер аз емес. Осы уақытқа дейін 30 мыңнан аса іс-шара ұйымдастырылған. Өткен жылы «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 14 ауылдық мәдениет үйінің құрылысы басталып, биылғы жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Алайда, өңір басшысы арқаны кеңге салмай, мәдениет саласындағы жұмыстарды әлі де ширату керектігін баса айтты. Әсіресе, жас таланттарды таныту бағытында әрекет ету керек.