Түркістанда шалғай өңірлерде орналасқан мектептерде сапалы интернет жоқ. Облыс басшысы бүгін білім ошақтарындағы мәселелерге көз жұма қараған әкімдерді қатаң сынға алды. Дархан Сатыбалды жиналыстарға үнсіз келіп-кететін аудан мен ауылдардағы шенеуніктерге шүйлікті. Өңір басшысы интернет бойынша операторларға шығып, мәселені шешуді тапсырды. Қазір облыстағы 1381 балабақша мен 983 мектеп бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етіліпті. Алайда атқарылатын жұмыстар әлі де көп.