Бүгін «AMANAT» партиясының 49-конференциясында Түркістан қалалық филиалының жаңа төрағасы сайланды. Ашық дауыс берудің нәтижесінде аталған қызметке Ғаппар Сәрсенбаев тағайындалды. Ғаппар Амантайұлы - Түркістан қаласының тумасы. 2022 жылдың мамыр айынан бастап осы күнге дейін «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы лауазымын атқарып келді.