Түркістан облысында полиция қызметкерлері қар құрсауында қалған 80-нен аса көлік жүргізушісіне көмек көрсетті. Тәртіп сақшылары соңғы күндері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Себебі аймақта боран соғуының салдарынан республикалық маңызы бар жолдардың жиегіне жиналған қар мен көктайғақтан көлік қозғалысы қиындаған. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 2 күнде жолда әбігерге түскен 60-қа жуық жүргізушіге жәрдемдескен. Сондай-ақ жолдан шығып кеткен жеңіл және жүк көліктерін қардан шығаруға көмектескен. Жергілікті полиция ауа райы жақсарғанша жүргізушілерге ұзақ жолға шықпауға кеңес беруде.