Түркістан
EN

Оңтүстік Кореяда дельта штамы таралуда

82
23.07.2021

Оңтүстік Кореяда коронавирустың «Дельта» штамның таралу қаупі үдеп барады. Елде соңғы бір тәулікте 1800 ге жуық адам қауіпті дертке шалдыққан. Бұл аймақта індет басталғалы бері тіркелген ең үлкен көрсеткіш. Сондай-ақ екі аптадан бері вирус жұқтыру деңгейі төмендемей тұр. Сарапшылардың айтуынша эпидхуалдың нашарлауына дельта штамының таралуы себеп болған көрінеді. Қазір тұрғындардың 40%-нен инфекцияның осы түрі анықталып отыр. Алайда өлім-жітім тіркелмеген. Бұл екпе алғанның әсері дейді мамандар. Айта кетсек, 52 миллионға жуық тұрғыны бар Оңтүстік Кореяда әрбір үшінші тұрғын вакцинаның екі компонентін алған.