Ауа райына байланысты елдің 12 өңірінде мектептер жабылып, оқушылар сабақты онлайн оқиды. Білім басқармаларының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстарының аудандарында бірінші ауысымда оқитын оқушылар мектепке бармайды. Ұлытау облысында бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптар, сондай-ақ Қарағанды қаласында 1-9 сынып оқушылары үйден білім алады. Сондай-ақ Шымкентте ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары да қашықтықтан білім алып жатыр. Қазгидромент мамандарының айтуынша, мегаполисте ертең де қатты қар, тұман, көк тайғақ болуы ықтимал. Айта кетейік білім беру ұйымдарындағы 1-8 сынып оқушылары онлайн дәріс алады. Ал 9-11 сынып оқушылары мен балабақшалар дәстүрлі форматта білім алуын жалғастырады.