Түркістан қаласында жұрт дұрыс жасалмаған кәріз жүйесінің зардабын тартып отыр. Бірінің дөңгелегі жарылып жолда қалса, енді бірі ойқы-шұңқырдан қашу үшін қарсы бағытқа шығуға мәжбүр. Тіпті, көше ортасындағы орға құлап жарақат алғандар да бар. Өтінішін айтып арнамызға хабарласқан тұрғындармен тілшіміз тілдесіп қайтқан болатын.