Түркістан
EN

Ауа райына байланысты ел аумағындағы 61 жол учаскесі жабылды

165
09.01.2023

Ұлытау облысында жолда қалып қойған 23 адам құтқарылды. Оның бесеуі бала. Жезқазған қаласынан шыққан қоғамдық көлік ауа-райының қолайсыздығына және көліктің әйнек тазалағыштарының сынып қалуына байланысты Жезқазған-Ұлытау тас жолында тұрып қалған. Аймақтың Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментінің қызметкерлері барлық жолаушыларды эвакуациялап, Ұлытау ауылына жеткізді. Зардап шеккендер жоқ. Айта кетсек, ауа райының нашарлауына байланысты еліміздегі 61 жол учаскесі жабылды. Оның 26-сы республикалық маңызы бар тас жол.