Түркістан облысында алдағы 5 жыл ішінде 2300 шақырым жол салынып, тозған жолдар қалпына келтірілмек. Биыл автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 32,7 млрд теңге бөлінген. Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге 20 облыстық маңызы бар жолдарға 17,6 млрд теңге жұмсалмақ. Осылайша тозығы жеткен 1200 шақырым жол күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарланған. Ал төселген асфальттардың сапасын Жол активтері ұлттық сапа орталығы қадағалайды.