Түркістан
EN

Түркістан облысының әкімі Сайрам ауданында жұмыс сапарымен барып, өндіріс орындарын аралады

155
06.01.2023

Түркістан облысының әкімі Сайрам ауданында жұмыс сапарымен барып, өндіріс орындарын аралады. Алдымен Дархан Сатыбалды «CaPable Group мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жөргектер және сулықтар шығаратын өндіріс орнында болды. Бүгінде аталған кәсіпорын жылына 100 млн. дана, тәулігіне 85-90 мың дана тауар шығаруға қауқарлы. 60 адам жұмыспен қамтылған. Одан кейін әкім медициналық клиникасы мен жиһаз фабрикасының жұмысымен танысты. 100 орынға арналған медициналық мекемеде 38 адам жұмыспен қамтылған. Ал жиһаз зауытында 120-ға жуық адам жұмыс істейді. Бүгінде Сайрам ауданында агросала және мал шаруашылығы өте қарқынды дамып отыр. Солардың бірі – «NUR AGRO» шаруа қожалығы. 3,6 гектар аумақта орналасқан шаруа қожалығында қияр мен қызанақ егіледі. Аталған кәсіпорындардың жұмысымен танысқан Дархан Сатыбалды өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар күшейетінін жеткізді.