Түркістан
EN

Медициналық ЖОО студенттерінің стипендиясы өседі

151
06.01.2023

Медицина саласында оқитын студенттердің шәкіртақысы жыл сайын 15-20 пайызға өсіп отырады. Мұны Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті хабарлады. Осылайша құзырлы орган болашақ медицина мамандарының біліктілігін арттырып, жақсы оқуға серпін береміз деп отыр. Сондай-ақ 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында республикалық бюджеттің есебінен резидентура гранттарының санын 2500-ге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.