Алдағы үш күнде Түркістан мен Жамбыл облыстарында су тасқыны болуы мүмкін. Қазгидромет синоптиктері күн райының жылынуына байланысты ескерту жасады. Ауа райын болжаушы мамандардың айтуынша, алдағы 6-8 қаңтар аралығында Түркістан және Жамбыл облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. Соған байланысты бұл аймақтардың таулы аудандарында беткейден еріген қар суы ағады және өзендерде су деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр.