Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштады. Бұл жөнінде Ақорданың ресми сайты хабарлады. Мемлекет басшысымен бірге, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Құран аяттарын оқып, марқұмдар үшін арнайы дұға жасады.