Қаңтардағы тәртіпсіздіктердің басты ұйымдастырушылары кім? Көптің көкейіндегі басты сауалға бүгін Бас прокурор Берік Асылов жауап берді. Сөзінше негізгі ұйымдастырушылар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы – Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осы трагедия кезінде 1466 ғимаратқа шабуыл жасалды. Ғимараттарды қайта қалпына келтіруге 31 млрд теңге бөлінген.