«Шардара» су қоймасы мерзімінен бұрын толып, көктемде тасуы мүмкін. Осылай деген су шаруашылығы саласының мамандары аталған мәселеге Үкіметтің назар аударуын сұрап, дабыл қағуда. Себебі Сырдария өзенінің жоғарғы ағысының артуынан су қоймасына келетін судың мөлшері артқан. Кезек күттірмейтін мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды.