Түркияда тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған велошеру өтті. Қазақстандық Дамир Көшеевтің 25 маусымда Түркістаннан басталған велошеруі бүгін Анкарада аяқталды. Түркияның бірнеше қаласын велосипедпен аралап шыққан әуесқой спортшы бұл сапарды Ұлы Абай мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнауды жөн санапты. Ерекше велошеру туралы толғырақ Түркиядағы тілшіміз Айдос Әшімұлының материалында. 10. Марқакөлден Каспийге дейін жол тартқан журналист Түркістанға да келіп жетті. Санат Ілияс автостоппен бір ай ішінде елді тегін араламақ. Оның мақсаты - 100 адаммен танысу, итбалықпен суретке түсу, адам аяғы баспаған сұлу табиғатты көрсету және мүмкін болса, болашақ жарын кездестіру. Бір қызығы ол күніне 2000 теңгеден артық қаражат жұмсамауы тиіс. Бар түсірілім құралдары мен керек жарақтарын түгел алып шыққан тілші жолда қаншама қызықты оқиғалармен қауышқан көрінеді.