Түркістан облысында жоғалған 12 адам табылды. Құтқарылғандардың арасында мүмкіндігі шектеулі жандар мен бірнеше бала бар. Олар жаңа жылды, ауылда қарсы алу үшін Шымкенттен екі көлікпен жолға шығып, мүлдем байланыссыз кеткен. Қайтарда боран басталып, сол үйде қалып қойған. Отбасы мүшелері үйге оралмағандықтан туыстары құтқарушыларға хабар берген. Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен бір тікұшақ жұмылдырылды. Мамандар мүгедек әже мен екі қызды Түркістан қаласына жеткізген.