1 қаңтарда еліміз бойынша 782 сәби дүниеге келді. Олардың ішінде 398 ұл мен 384 қыз, арасында үш жұп егіз де бар. Өңірлер арасында Түркістан облысы көш бастап тұр. Мұнда барлығы 115 нәресете жарық дүниеге есігін ашқан. Мәліметті денсаулық сақтау министрлігі жариялап отыр. Түркістан қаласында жыл басталғалы барлығы 25 нәресте өмірге келді. Ал ғажайыпқа толы жаңа жыл түні облыс орталығында 8 қазақстандық дүние есігін ашты. 2023 жылға аяқ басқан сәтте тұңғышын босанған аналардың бірі түркістандық Таншолпан Мырзабай. Жас келіншек мұны жақсылықтың нышаны деп топшылап отыр.