Түркістан
EN

Ауа-райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр

245
04.01.2023

Ауа-райы  еліміздегі әуе реистеріне де кедергісін тигізіп жатыр. Ақ түтек боранның кесірінен бірнеше реис кейінге қалған. Мәселен Елордадағы Халықаралық әуежайда ұшып келетін 26 рейс, ұшып кететін 14 рейс кешіккен. Қазір әуежайдың ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Мамандар жолаушыларға абай болуды ескертеді. Сондай-ақ әуе компанияларының call-орталығына хабарласып, ақпарат алуды еске салды.