Түркістан облысы бірнеше ауылда жарық сөніп, көптеген жолаушылар қар құрсауынан шығарылды. Созақ ауданы Шолаққорған ауылынан 25 шақырым жердегі Шолаққорған-Түркістан тас жолынан 70 адам және 1 бала құтқарылды. Құтқару жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.