Қазығұрттық мұқтаж отбасылар жаңа жылда жаңа баспана кілтіне ие болды. Көпқабатты тұрғын үй пәтерлері ата-ана қамқорлығынсыз қалған және көп балалы отбасыларға берілді. Сондай-ақ әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен бюджеттік және мемлекеттік қызметкерлерге де табысталды.
Қоян жылы қарсаңында құрылысы біткен бұл 2 қабатты тұрғын үй Қазығұрттық бір топ жанның қуанышына айналды. 10 пәтерлі 2 шаңырақтың кілтін ауданы әкімі арнайы табыстады.
АРМАН АБДУЛЛАЕВ – ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
"Жаңа жылдарыңыз, жаңа баспаналарыңыз құтты болсын..."
Бұл жаңа пәтерлердің иесі әлеуметтік аз қамтылған отбасылар. Атап айтқанда, берілген 20 үйдің 4-еуі жетім балаларға, ал 5 пәтер көпбалалы отбасыларға берілді. Сондай-ақ осал топтағылар 9, бюджеттік және мемлекеттік қызметкерлер – 2 пәтердің иесі атанды.
Айта кетейік, Қазығұрт ауданындағы мұндай игі бастама биыл бірнеше рет жүзеге асқан. Аймақ басшылығы алдағы жылы да мұндай істер жалғасын табады деп отыр.