Түркістан
EN

Түркістан облысында 600 балаға президенттің жаңа жылдық сыйлықтары тапсырылды

137
30.12.2022

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Түркістан облысындағы 600-ге жуық балаға Президенттің құттықтау хаты мен мерекелік сыйлықтары тапсырылды. Төлеби ауданындағы балалар үйі мен оңалту орталығына және аудандық ауруханаға барған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев тәрбиеленушілер мен емделуші балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ең алдымен Төлеби ауданындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті. Жаңажылдарымен құттықтап оларға Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды. Сонымен қатар мектеп жасындағы балаларға планшет табыстады.

Бүгін отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қуанышында шек жоқ. Олар жаңажыл мейрамын тойлар алдында мұндай бағалы сыйлықты күтпегендіктерін айтады.

Бейсенбай Тәжібаев балалар үйінен соң Төлеби аудандық ауруханасында емделіп жатқан балалар мен кездесті. Оларды да жаңа жылдарымен құттықтап сыйлықтар табыстады.

Жалпы, Жаңа жыл мерекесіне орай облыстағы  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 3 білім беру ұйымындағы 140 балаға, қалалық балалар ауруханасында ем қабылдаушы 400 балаға Қазақстан  Республикасы Президентінің атынан Жаңа жылдық мерекелік сыйлықтар берілді.