Түркістан
EN

Халықтың табысын арттыру үшін ауқымды жұмыстар жасалынады

149
30.12.2022

Халықтың табысын арттырып, тұрмысын жақсарту үшін Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жалғасатын болады. Осы мақсатта халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыруға, оларға жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар беру қарастырылуда. Ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиналыста талқыланды. Еңбек ресурстарын жетілдіру, өңдеуші кәсіпорындардың өнімділігін арттыру және кәсіпкерлікті дамыту арқылы табыстың өсу мүмкіндіктерін кеңейту жұмыстарын қамтиды. Жаңа жұмыс орындарын - өндірістік кластер құру, шағын және орта бизнес саласын қаржылай қолдау жоспарланып отыр.