Түркістан
EN

Мәжілістің жыл жабар соңғы отырысы бар-жоғы 13 минутқа созылды

124
30.12.2022

Бүгін Мәжілістің соңғы отырысы өтті. Бір қызығы төменгі палатаның қорытынды жиыны 13 минутқа ғана созылды. Оған 78 депутат келген. Мәжілісмендер осы уақыт ішінде Конституциялық Соттың үш судьясын тағайындап үлгерді. Бұл қызметке экс-министр Қанат Мусин, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уинверситетінің проректоры Еркін Оңғарбаев, М.Нәрікбаев атындағы Қазақстан Мемлекеттік заң Университетінің ғылыми зерттеу институтының директоры Сергей Ударцев бекітілді. Одан әрі Мәжіліс төрағасы жылды қорытындылап, отырысты аяқтады. Бұл Мәжіліс тарихындағы ең қысқа жалпы отырыстың бірі болды.