Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аты аңызға айналған футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия басшысы Жаир Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы үш дүркін әлем чемпионы, көзі тірісінде футбол патшасы атанған әйгілі спортшы ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті. Пеле қазан айында 82-ге толған еді. Ол жай ғана футболшы емес, қайраткер деуге де болады. Өмірінің соңына дейін қатерлі ісікпен арпалысқан Пеле, өзінің туған Сан-Пауло қаасында ақтық демі қалғанға дейін болды. 4 әлем чемпионатына қатысқан аңыз спортшы оның үшеуінде топ жарды. ФИФА шешімімен 20-ы ғасырдың үздік футболшысы атағына ие болған. Жай ғана футболшы емес, Халықаралық Олимпиада Комитетінің шешімімен 20-ы ғасырдың үздік спортшысы атанды. Тайм журналының рейтингі бойынша ең ықпалды 100 адамның қатарына кірген. Әлемнің әйгілі футболшылары аңыз тұлғаның қазасына байланысты көңіл айтып, онымен қоштасып жатыр.