Түркістан
EN

Келес ауданына жаңа әкім тағайындалды

315
29.12.2022

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Келес ауданының әкімі болып Ағыбаев Жәнібек тағайындалды.. Шенеунік осыған дейін Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болған. Жәнібек Есенұлын аудан активіне облыс әкімі Дархан Сатыбалдының өзі келіп таныстырды. Және де алға қойлыған мақсат міндеттерін айқындап берді. Айта кетейік, Жәнібек Ағыбаев976 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. С.Сейфуллин атындағы Астана аграрлық университетін және "Тұран -Астана" университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласындағы "Земля" ЖШС-нің маманы болып бастаған. Әр жылдары ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің "Астана жер орталығы"  еншілес мемлекеттік кәсіпорны директоры, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі, Шымкент қаласының жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару басқармасының басшысы, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкілі лауазымын атқарды. Ал, 2022 жылдың қазан айынан бері Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып қызмет етіп келді.