Биыл құрбан айт мерекесінде түркиялықтар 9 күн демалады. Тиісті жарлыққа ел президенті қол қойды. Демалыс күндері шілденің 17-сі мен 25-і аралығы болып бекітілді. Ал айт намазы тазалық талаптарын сақтай отырып, елдің барлық мешіттерінде оқылады. Құрбан малын шалу онлайн немесе арнайы бекітілген орында ғана рұқсат етілген. Елдің Денсаулық сақтау министрі мейрам күндері де сақтық шараларын ұмытпау қажеттігін ескертті. Әсіресе жабық алаңдарда топтасып жиналмау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ тұрғындардың бір-біріне айттап баруын шектеп, маскасыз көшеге шықпау керектігін де еске салды.Қазір Түркияда вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Бүгінге дейін екпенің бірінші компонентін 63 млннан аса адам алған. Ал екінші дозасын алғандар 21 млнға жуық. Дегенмен соңғы күндері вирус жұқтырғандар қатары артып барады. Кейінгі күндері коронавирус анықталғандар саны бір тәулікте 7 мыңның үстіне шықты. Мамандар әсіресе Дельта штамының көбейіп кеткенін айтады. Егер жағдай оңалмаса халықты вакцина алуға мәжбүрлеуіміз де мүмкін деді Денсаулық сақтау министрлігі.