Түркістан
EN

«Тұңғыш президент туралы» заңның күші жойыла ма?

136
28.12.2022

Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы атағынан айырылады. Тұңғыш Президент – Елбасы туралы Конституциялық заңның күшін жою мәселесін бүгін Парламент мәжілісінің депутаттары бірауыздан мақұлдады. Бұндай жобаның қаралатыны туралы бұған дейін белгілі болған еді. 16-ы тамызда Сенат кулуарында Әділет министрі Қанат Мусин айтқан болатын.

Парламент мәжілісінің депутаттары бүгін Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жою туралы заң жобасын талқылады.

Бұл жобаны мәжіліс отырысына заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті шығарып отыр. Оның төрағасы Арман Қожахметовтың айтуынша, 5-і маусымдағы референдумнан кейін Елбасы мәртебесі туралы заңның құқықтық күші жойылды. Қарапайым тілмен айтқанда, негізсіз болып қалды.

Парламент мәжілісінің депутаттары тұңғыш президент және оның отбасы мен туыстарын қудалауға тыйым салатын заңның күшін жою туралы жобаны бір ауыздан мақұлдады. Енді бұл жобаны Сенат депутаттары қарайды. Дегенмен, айта кетер бір жайт бар. Бұл тұңғыш президентке қатысты тергеу жүргізіледі дегенді білдірмейді. Нұрсұлтан Назарбаевтың құқықтары әлі де күшін жоймаған ата заңдағы 46 баппен қамтамасыз етіледі.