Түркістан облысында тұмаумен сырқаттанушылардың қатары өскен. Инфекцияны жұқтырушылар 32% артқан. Тұмау әсіресе, ересектер арасында көп кездесуде. Ал сырқаттанған балалар саны аз. Дегенмен, мамандар алаңдауға негіз жоқ екендігін айтуда. Өйткені мұндай вирустық инфекциялардың өршуі – маусымдық құбылыс. Бастысы жұрт көп шоғырланған аумақта бетперде тағып, жеке бас гигиенасын сақтау маңызды.
БАХТЫОРАЗ ЕЛЕМЕСОВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ СЭБД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
"Құрметті Түркістан облысы тұрғындары! Алдағы мереке күндері ЖРВИ; коронавирус, тұмау ауруларынан болдырмау үшін сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Тұмауды болдырмаудың ең сенімді жолы вакцина."