Түркістан
EN

Дархан Сатыбалды: «жобаларды 2-3 жыл бұрын жоспарлау керек»

90
28.12.2022

Түркістан облысының бірқатар аудан, қалаларының әкімдері аймақ басшысы Дархан Сатыбалдының сынына ілікті. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиналыста өңір басшыларының жыл бойы атқарған жұмысы қорытындыланды. Дархан Амангелдіұлы жыл басында жоспарды өңірлер өз әлеуетіне қарай әзірлеу қажеттігін айтты. Аймақ басшысының тапсырмасымен аудан, қалалардың негізгі көрсеткіштері бойынша ай сайынғы рейтинг жүргізілуде. Оған өнеркәсіп өнімі көлемі, инвестиция, ауыл шаруашылығы өнімі, құрылыс жұмыстарының көлемі және пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы көрсеткіші енген.

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 

"Жобаларды 2-3 жыл бұрын жоспарлау керек. Ерте бастамасаңыздар үлгермей қаласыздар. Жер бөлу, жобалық-сметалық құжат жасау, инфрақұрылым реттеуге уақыт кетеді. Бүкіл аудан, қаладағы пайдалы қазбаларды, ресурстарды, мүмкіндіктерді толық тексеріп, зерделеп шығыңыздар. Соған сай жоспар жасап, жұмыс жүргізу қажет. Екіншіден, басқарма басшылары аудан, қала әкімдерімен бірлесе жұмыс атқарсын. Жол көрсетіңіздер. Жүйелі әрі кластерге негізделген жобалар әзірленуі тиіс. Әлі де дұрыс ұсыныстарды көрмей тұрмын."