Түркістан
EN

Түркістан облысы прокуратурасының жаңа ғимараты ашылды

362
28.12.2022

Түркістанда облыстық прокуратураның жаңа ғимараты ашылды. Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан қаланың сәулеттік стиліне үйлесімді 7 қабатты нысанның ашылуына еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен прокуратура ардагерлері қатысты. 2018 жылдан күні бүгінге дейін облыстық прокуратура жалдамалы ғимаратта ел үшін қызмет етіп келген болса, бүгіннен бастап заманауи үлгідегі соңғы технологиялармен жабдықталған нысанда өз жұмыстарын жалғастырады. Еліміздің Бас прокуроры Түркістан өңірінің тарихи рөліне, ведомство алдында тұрған негізгі міндеттер мен мемлекет басшысының тапсырмаларына тоқталды. Өңір басшылығының еңбегін ерекше атап өтті.

БЕРІК АСЫЛОВ - ҚР БАС ПРОКУРОРЫ 

"Түркістан күллі түркі әлемінің орталығы екені бәрімізге мәлім. Мынадай жерде осындай керемет ғимараттың салынуының өзі де жақлысықтың арқасы деп ойлаймын. Бүгін мемлекет басшысының қолдауымен тиісті қаржы бөлініп, заман талабына сай ғимарат салынды. Біздің басты парызымыз азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау." Ел басшылығының қолдауымен ежелгі қала танымастай өзгерді және мыңдаған туристер келетін туристік орталыққа айналды. Сондықтан, өңірдің тұрғындары мен қонақтары үшін заңдылық пен құқықтық тәртіпті, қолайлы және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету барлық құқық қорғау органдарының басты міндеті деген облыс әкімі Дархан Сатыбалды прокуратура қызметкерлерін жаңа қоныспен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 

"Түркістан қаласы облыс орталығы болғаннан кейін өз келбетін қалыптастырды. Бүгін міне зәулім нысандар құрылысы бой көтеріп, тағы да бір қуанышқа келіп отырмыз. Бұл деген бәріміздің қуанышымыз. Енді киелі жерде қызмет еткеннен кейін әрбір қабылдаған шешімдеріңіз әділетті болсын. Әділетті Қазақстанда әділетті Түркістанданды да құрайық." Құттықтау сөзден кейін жаңа ғимараттың лентасы қиылып, салтанатты шараға қатысқан қонақтарға облыс прокуратурасының ғимаратының таныстырылымы өтті. Жеті қабатты ғимарат жаңа заман талаптарына сай келетін қауіпсіздік пен технологиялық нормаларды ескере отырып салынған. Бірнеше мәжіліс залы, асхана мен спорт залмен жасақталған. Сондай-ақ, Түркістан өңірінің тарихынан бастап, прокуратура тарихына шолу жасауға болатын мұражай ашылған. Халық игілігі үшін қызмет атқарып, бүгінде зейнеткерлікке шыққан прокуратура ардагерлері де жаңа ғимарат жайлы өз ойларымен бөлісті.

ӘБДІРАМАН АҚҚҰЛОВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ 

"Шара соңында Бас прокурор Берік Ноғайұлы бірнеше азаматтарға өз атынан алғыс хат табыстады. Облыстық қадағалаушы орган қызметкерлерімен жылды қорытындылап, Түркістан облысының жұмысын жақсы бағалады."