Түркістан
EN

Отандық жөргек шығаратын түркістандық зауыт өнімдерін шетелге экспорттамақ

171
27.12.2022

Отандық жөргек шығаратын Түркістандық зауыт өнімдерін шетелге экспорттамақ. Өндіріс орыны Сайрам ауданы Ақсукент ауылында орналасқан. Жұмысы қарқынды жүріп жатқан кәсіпорын облыс орталығындағы «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағында өндірісін кеңейтуді көздейді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесу барысында талқыланды. Облыс басшысы инвесторларға қолайлы жағдай жасаудың жолдарын айтты. Басым бағыттар – өндірісті арттырып, жұмыс орындарын ашу. Кездесуде инвестор өндіріс орнының дамыту мүмкіндіктерімен бөлісті. Өндіріс орнында жұмысшылардың 60%-ы –мүмкіндігі шектеулі жандар. Сапасы жоғары, бағасы қолжетімді қазақстандық жөргектер «Алтын бала» және «SimboBaby» атауымен шығарылып жатыр. Жапондық және еуропалық технология қолданылады. Шикізат Түркия, Германия, Қытай және АҚШ елдерінен әкелінеді. Кәсіпорын минутына 500 дана, ай сайын 8 млн. балаларға арналған жөргек шығаруға қауқарлы. Өндіріс орны толық қуатқа шыққанда жылына 500-600 миллион дана жөргек шығаруға мүмкіндік алмақ.