Түркістан
EN

Түркістан облысының спортшылары 11 айда 1000-нан астам медаль жеңіп алды

125
27.12.2022

Түркістан облысының спортшылары 11 айда 1000-нан астам медаль жеңіп алды. Қазір өңірде спорттың 59 түрі қарқынды дамып келеді. Облыста жалпы 100 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі мен кәсіпорындар жұмыс істейді. Онда 2,5 мыңға жуық жаттықтырушы 60 мыңға жуық балаға дәріс береді. Жыл қорытындысымен облыс аумағында 2271 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 300 мыңнан астам адам қатысқан. Спорт саласындағы жоспарлар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен отырыста талқыланды. Қазіргі таңда облыста 4647 спорт ғимараты тіркелген. Түркістан қаласында жаңа халықаралық теннис орталығы пайдалануға берілді. Сондай-ақ облыс аумағында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Сауран, Мақтаарал, Төлеби, Бәйдібек, Жетісай және Сайрам аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынып жатыр.