Түркістан
EN

27 қалада кәріздік-тазарту ғимараты жоқ: Түркістанда кәріз жүйесімен қамту жұмыстары жалғасуда

332
27.12.2022

Еліміздегі кәріздік-тазарту құрылыстарының тозу деңгейі 60 пайыздан асып кеткен. Ал кейбір қалаларда, тіпті 90 пайыздан асады. Әсіресе Көкшетау, Семей, Қонаев, Арқалықтағы кәріз тазарту жүйесінің жағдайы мәз емес. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деді. Ал Түркістан облысындағы кәріз жүйесімен қамту жұмыстары қалай? Тілші репортажынан көріңіздер. Еліміздің 27 қаласында кәріздік-тазарту ғимараты жоқ. 41 шаһарда мұндай нысандардың 60 пайыздан астамы тозып кеткен. Ал үлкен шаһарларда кәріздік жүйелер өткен ғасырдың 50-70 жылдарында салынған. Яғни әбден ескірген. Оның үстіне қалдық судың көлемі де жыл сайын көбейіп барады екен. Оны тазарту қиынға соғуда. Резервуарлар шамадан тыс толып кетіп, содан лас суды өзен-көлдерге ағызуға тура келетін жағдайлар да кездестін көрінеді.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ - ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ 

"Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында кәріздік тазарту құрылыстарын салу және оларды жаңарту жұмыстарына толмайтынын айтып әділ сынға алды. Жоспарлау және қаржыландыру жұмыстары кешігіп жатыр. Бүгінде елімізде кәріздік тазарту құрылыстарының деңгейі 60 пайыз."

Президент тапсырмасымен енді алдағы 5 жылда кәріздік-тазарту ғимарттары салынады. Сарыағаш, Атырау, Форт-Шевченко қалаларында жобаларды іске асыру басталды. Ал келесі жылы Ақтау, Ленгер және Шымкентте 3 нысанды салуға қаражат қаралып отыр. Қалған 62 қала бойынша тиісті министрлік қаржыландырудың екі тәсілін әзірлеген.

ҚАЙЫРБЕК ӨСКЕНБАЕВ - ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ

"Біріншісі - халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын мемлекеттік кепілдікпен тарту. Аталған тәсіл халық саны 45 мың адамнан асатын 26 ірі қалада кәріздік-тазарту ғимарттарының құрылысына қолданылады. Екіншісі - республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен іске асырылады. Бұл тәсіл халық саны 45 мың адамнан аспайтын 36 шағын қалада жүзеге асатын жобаларға қатысты."

2027 жылы Түркістан қаласы 100 пайыз кәріз жүйесімен қамтылады. Қазіргі таңда қала орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылған. Қала сыртында Балтакөл тасжолында кәріз тазалау ғимараты орналасқан.  Күніне 20 мың куб сарқынды су қабылдай алады. Қазір 5000 ғана су өңделуде дейді сала маманы.

ЕРСЕЙІТ БҰҚАРБАЕВ - ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 

"15 жоба бөлінген кәріз жүйесімен қамтамасыз ету бойынша. 3 жобасы 19-20 жылдары іске асты. 6 жоба бойынша жұмыстар атқарылады. 2023 жылы пайдалануға береміз."

Қаланы кәріз жүйесімен қамту 2019 жылы басталды. Биыл облысқа қарайтын қалаларды су бұрумен жабдықтау саласы бойынша 9 нысанға бюджет есебінен 7,1 млрд. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Келер жылы құрылысы аяқталады. Ал Түркістан қаласында 27 дана кәріздік-сорғы станциясы мен кәріз-тазалау ғимараты бар. Халық санының өсу қарқынын, сондай-ақ құрылыстың жоғары қарқынын ескере отырып, рухани астанада қосымша су қабдықтары қуатын арттыру көзделген.