Түркістан
EN

Санкт-Петербургте ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының бейресми кездесуі өтті

17
27.12.2022

Санкт-Петербургте ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының бейресми кездесуі өтті. Қазақстан ТМД-ға төрағалығы аясында 80-нен астам іс шара өткізді. Ұйымның беделін арттырып, экономикалық-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту бағытындағы бастамаларды жүзеге асырды. Қаңтар-қазан аралығында біздің елдің ТМД-ға мүше мемлекеттермен тауар айналымы 11% артып, 30 миллиардқа жетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 млрд долларға көп. Сондай-ақ мемлекет басшысы қауіпсіздік саласындағы іс-әрекеттерді келесі маңызды бағыт ретінде атап өтті. Қазақстан төрағалығы аясында қабылданған 2023-2025 жылдарға арналған терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастық бағдарламасы бұл міндеттерді атқаруға толық сай келеді.