Түркістанда жыл үздіктері анықталды. Жыл бойы өңірдің экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбегі еленді. Жалпы 43 аталым үздіктер марапат алды. Олардың арасында білім, денсаулық, мәдениет , спорт, ауыл шаруашылық саласының өкілдері бар. Айтулы шараға Түркістан обылсының әкімі Дархан Сатыбалды барып, үздіктерді құттықтады. Үздіктердің үздігі танылатын шараға жиылғандардың қарасы қалың.Шараға әр сала бойынша қатарынан оза шапқан марқасқалар мен дарабоздар қатысты. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды үздік қызметкерлер облыстың еліміздің дамуы жолында еңбек ететіне сенім білдірді.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Өңір басшысы Жиылғандарды мерекемен құттықтап, марапаттарды табыс етті. Жылдың үздік медицина мекемесі түркістан қалалық емханасы, Жылдың үздік мәдениет және өнер мекемесі фараб кітапханасы, Жылдың үздік спорт мектебі Тұран спорт клубы атанды.
Өңір басшысы үздік мекемелер мен кәсіпорын жетекшілерін марапаттады. Жалпы,43 аталым бойынша үздіктер құрметке бөленді. Оның ішінде білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы т.б сала өкілдері де бар. Үздік ауыл Жетісай ауданы қарақай ауылдық округі атанды.Оларға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев табыстады. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.Елімізге белгілі әншілер мерекенің ажарын ашып, сәнін келтірді.