Келесі жылы 14 қаңтарда Сенат депутаттарын сайлау өтеді. Саяси науқанға өңірлерден қатысатын кандидаттардың аты-жөндері белгілі болды. Түркістан облысынан 4 кандидат ұсынылып отыр.
Олар ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРБОЛ ОРМАНОВ, ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ МИРАМБЕК АҚМҰРАТОВ,«AMANAT» ПАРТИЯСЫ САУРАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ САҒЫНБЕК АСЫЛБЕКОВ және ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ МҰРАТ ҚАДЫРБЕК.
Жалпы сайлауға түсуге 66 кандидат тіркелді. Олардың 20-сы әйел. 63 адам өзін өзі ұсынған. Ең жас үміткер 31-де. Кандидаттарды тіркеу мен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 24 желтоқсанда басталды. Оны өткізуге 19 күн беріліп отыр. Яғни, сайлауға бір күн қалғанда түнгі сағат 12-де аяқталады. 13 қаңтар – тыныштық күні.