Түркістан
EN

Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында мұнай, көмір өңдейтін зауыт бар

161
27.12.2022

Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында мұнай, көмір өңдейтін зауыт бар. Кәсіпорында 100 ден астам адам жұмыс істеуге қауқарлы. Айта кетейік бұл өндіріс орнының елімізде баламасы жоқ. Себебі отанымызда мұндай шикізатты өңдейтін зауыт кемде кем дейді сала мамандары. Толығырақ тілші бейнематериялында Бұл зауыт екі жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда қазір тек мұнай өңделуде. Алдағы уақытта көмірді өңдеп одан әртүрлі химиялық өнім алу жоспарымызда бар дейді мамандар. Бүгінде қара алтынды өңдеу құрылғылары модернизациялануда екен. Оған әлемді жайлаған індет себеп болыпты.

БАҚЫТЖАН ДУЛАТҰЛЫ-БАС ТЕХНОЛОГ

Сала мамандарының айтуынша мұндай зауыт елімізде жалғыз. Айта кетейік кәсіпорын толық автоматтандырылған. Мына компьютерлердің көмегімен барлық техника бақылауда болады екен.

МАҚСАТ АЯЗБЕКОВ-ДИСПЕТЧЕР

Зауыт жылына 40 мың тонна шикі затты өңдеуге қауқарлы. Бұл ішкі нарықты қамтамасыз етуге сеп болмақ.